Astana Gaz компаниясы "Самұрық-Қазынаның" қызметінен босатылған топ-менеджерлерін жұмысқа шақырды
Astana Gaz компаниясы "Самұрық-Қазынаның" қызметінен босатылған топ-менеджерлерін жұмысқа шақырды
© tengrinews.kz
322
оқылды
Astana Gaz компаниясы "Самұрық-Қазына" АҚ жұмыстан босатылған топ-менеджерлерін жұмысқа қабылдауға дайын екенін мәлімдеді. 
«Өзінің әлеуметтік жауапкершілігін ескеріп, «Астана Газ» компаниясы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ бұрынғы топ-менеджерлерін штатқа жұмысқа қабылдауға дайын», − делінген компанияның Facebook-тегі парақшасында.
Хабарландыруда металды қыздырушы, темір ұстасы және әртүрлі жұмысты атқара алатын адамдарға бос жұмыс орны бары жазылған. Жұмыс уақыты жоспарланбаған, мереке күндері мен демалыс күндері, аяз бен ыстықта демалыс берілмейді, кейде түскі уақытта тамақтануға да уақыт болмауы мүмкін. "Бір артықшылығы  — 170 мыңнан жоғары тұрақты жалақы беріледі, жұмыс таза ауада, компания есебінен жұмыс киімі беріледі. Бос орын шектеулі", - деп атап көрсетілген хабарламада. Бұған дейін "Самұрық-Қазынаның" 7 топ-менеджері жұмыстан босатылғанын жазған болатынбыз.