Мәсімовтің ісі: тергеу қалай жүргізілетіні белгілі болды

Мәсімовтің ісі: тергеу қалай жүргізілетіні белгілі болды

Билікті күшпен басып алу, мемлекетке опаздық жасау бойынша айып тағылған ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасары Әнуар Садықұлов тергеу кезінде қамауға алынған, - деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитеті.  

 "К.К. Мәсімовке және А.Т. Садықұловқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған. Е.Д. Ерғожинге қатысты бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі қаралу үстінде", - делінген РИА Новости ақпарат агенттігінің жолданған сауалына ресми жауапта.
ҰҚК сонымен қатар қылмыстық іс материалдарына "өте құпия" грифі берілгенін хабарлады. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу деректері жариялауға жатпайды. Бұған дейін сот ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов қанша уақытқа қамауға алынғаны туралы жазған болатынбыз.