Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Кәрім Мәсімовтің ұсталуына қатысты пікір білдірді
Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Кәрім Мәсімовтің ұсталуына қатысты пікір білдірді
© REUTERS / POOL / Kenzaburo Fukuhara
306
оқылды

Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров ҰҚШҰ әскерлерінің елге кіргізілуіне  және Кәрім Мәсімовтің ұсталуына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасы. 

"Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қазақстанда тәртіп орнағаннан кейін ҰҚШҰ ұжымдық күштері еліне қайтатынын айтты. Ұжымдық күштердің өзінің белгілі бір нормасы мен процедурасы бар. Мысалы, 1994-1995 жылдары ұжымдық күштер Тәжікстанда болып, борышын атқарып, жағдай реттелгеннен кейін елдеріне қайтты. Бұл әскери күш емес, бітімгершілік күштері Қазақстанда жағдай орныққаннан кейін елдеріне қайтады", – деді Ерлан Саиров.
Мәжіліс депутаты ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтың ұсталуына қатысты да ойын айтты.
"Алматыда сырттан келген содырлар жүр. Алматыда аудандық ішкі істер басқармасына шабуыл жасаған. Олар сырттан келген қазақша білмейтін содырлар. Шетелдің 300-ден астам азаматы шекарада ұсталды деген ақпарат келіп жетті, яғни қаншама адам Қазақстанға кірген. Олардың барлығы Қазақстанның ішінде өмір сүрген және белгілі бір жаттығудан өткен. Осының барлығын қалай Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрмеді деген сұрақ туындайды. Алматыда әуежайға содырлар келер алдында жарты сағат бұрын бүкіл күзетін "үйлеріне қайтыңдар" деп қоя берген. Яғни, мемлекетімізде белгілі бір қастандық болған. Оны қазір құқық қорғау органдарының өздері анықтап жатыр", – деді ол.
Бұған дейін ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің қанша уақытқа қамауға алынғанын хабарлаған болатынбыз. https://www.youtube.com/watch?v=4nvLblluLpE