Болат Өтемұратов «Қазақстан халқына» 10 миллиард теңге аударды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған қорға кәсіпкерлер қаржы аударып жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан халқына» қорының жұмысы, жиналып жатқан қаражат жөнінде пікірін айтты. Ол бюджеттік сала қызметкерлерінің бір күндік жалақысын қорға аударып жатқаны орынсыз екеніне тоқталды.«Қазақстан халқына» қорына қаражат аударған азаматтарға алғыс айтамын. Алайда мемлекеттік қызмет, бюджеттік сала қызметкерлерінің бір күндік жалақысын қорға аударуы – орынсыз бастама. Қорға жиналған қаражат, қордың есеп-қисабы, жұмсалған қаржының есебі ашық болады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Осыған дейін «Қазақмыс» пен KAZ Minerals бірлесіп, «Қазақстан халқына» қорына 25 миллиард теңге аударды. Сонымен қатар Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе бірлесіп, «Қазақстан халқына» қорына 10 млрд теңге аударған болатын.
Болат Өтемұратов Сардоба су қоймасы жарылып, Түркістан облысының Мақтаарал ауданы суға кеткенде 150 үй салу үшін 6 миллион доллар қаржы берген еді.