Болат Өтемұратов Мақтааралда 150 үй салу үшін 6 миллион доллар қаржы берді

Болат Өтемұратов Мақтааралда 150 үй салу үшін 6 миллион доллар қаржы берді 1

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Мырзакент ауылында жаңа ықшамаудан бой көтереді.

Жаңа ауданда салынатын үйлерге Болат Өтемұратовтың қоры 150 үй салу үшін 6 миллион доллар қаржы бөлді.

Су тасқынынан зардап шеккен ауылдарды қалпына келтіру үшін 2,5 миллиард теңге, шамамен 6 миллион доллар бөлген Болат Өтемұратов қоры қиын кезеңде халық қолдаусыз қалмайды дейді.

Жаңадан бой көтеретін ықшамауданды Мырзакенттің орталығынан салу жоспарланып отыр. Достық, Жаңатұрмыс, Жеңіс ауылдарының тұрғындары қоныстанады.

Жаңа ықшамауданда мектеп, балабақша, халықтың тұрмысына қажетті барлық әлеуметтік нысандар салынатын болады.

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.