Бизнес орталықта директорды пышақтап кетті

Бизнес орталықта директорды пышақтап кетті

Қарағандыда бизнес орталықта 55 жастағы фирма директорын пышақтап кетті.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына екі ер адамның жанжалдасқаны туралы хабар түскен. Бетперде киген белгісіз ер адам дәлізде 55 жастағы фирма директорымен сөзге келіп қалған. Ұрыс кезінде ол пышақты қарсыласына бірнеше рет сұққан. Ауыр жарақат алған жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.
«Жедел іздестіру нәтижесінде, 30 жастағы ер адам ұсталды. Кінәсін мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді. Күдікті қамауға алынды, – дейді полицейлер.
Оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін журналисті өлтіру үшін киллер жалдаған шенеунік туралы жазған болатынбыз.