Оксана Тен – мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің анасы. 2019 жылдан бері Ұлттық конькишілер федерациясының вице-президенті. Әлеуметтік желіде жариялаған хаттағы тайталасқа қызмет себеп болған.
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан жаттықтырушылары Оксана Тен қызметін босатсын деген арыз жазды, – деп жазады inform.kz.
Осы жайттан соң Ұлттық конькишілер федерациясының вице-президенті Оксана Тен қызметтен босату туралы үстінен жазылған арызға байланысты баспасөз мәслихатын өткізді.
«Күні кеше Сергей Вороновтың (С.Воронов – Ресейден шақырылған, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының қазіргі бас жаттықтырушысы – ред.) телефонына біреулер қоңырау шалып, оның өміріне қауіп төніп тұрғанын, Қазақстанды мүлде ұмытсын дегені баспасөз мәслихатын өткізуге түрткі болды», – дейді Оксана Тен.
Ол осы жиын арқылы жауапты мекемелер мәселеге бей-жай қарамайды деп үміттенеді.
Оксана Тен – мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің анасы. Денис Тен 2018 жылы Алматыда кісі қолынан қаза тапты.