WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен айқастан неге бас тартқаны белгілі болды
WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен айқастан неге бас тартқаны белгілі болды
Photo by Steve Marcus/Getty Images
220
оқылды
Бокс әлеміндегі инсайдер, заңгер, агент және кеңесші Рик Глейсер орта салмақта WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраденің (31-0, 19 КО) Жәнібек Әлімханұлына (11-0, 7 КО) қарсы титулын қорғағысы келмей, оны бос қалдыратынына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Vesti.kz. Мұның алдында Андраде өз белбеуін бос қалдырып, екінші орта салмаққа өтпек ойы бары айтылған. Бұл дивизионда амеркиалық WBO ұйымының "уақытша" чемпионы атағы үшін жұдырықтасып, осы арқылы "Канелоға" міндетті қарсылас атанбақ. "Жәнібек Андрадені сабайтын еді, ол титулды сол үшін босатты", – деп жазды Глейсер твиттерде.