Облыстық қоғамдық кеңес төралқасының мүшелері өзінің отырысын Павлодар облысы жастарының мәселелеріне арнады. Бұл отырысқа «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко қатысты. Қазақстан бойынша қаңтар айындағы наразылық шерулеріне, тонаушылыққа қатысқан едәуір бөлігі жастар екені жасырын емес. Бұл жас азаматтардың тәрбиелік тәліміне, әлеуметтік мәселелеріне бұрынғыға қарағанда анағұрлым көбірек көңіл бөлу керектігін көрсетеді. Қоғамдық кеңес мүшелері отырыста жастарды отансүйгіштікке және еңбекке тәрбиелеу, оларды баспанамен және лайықты еңбекпен қамтамасыз ету, бос уақытын қызықты да салауатты өткізу, әлеуметтік қорғау және т.б. аспектілерді өткір де эмоционалды түрде талқылады. Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға ұсыныстар берілді, жастарды қолдау және спортты дамыту жөніндегі комиссия құру туралы шешім қабылданды.