Тараз қаласында эпидахуалға байланысты аймақ тұрғындары үшін қажетті дәрі-дәрмектердің жеткілікті мөлшерде болуы мен олардың бағасының тұрақтылығы зерделенді. Рейдке мәслихат депутаттары, Партиялық бақылау комиссиясы мен партия филиалы жанындағы Ұлт денсаулығы жөніндегі кеңестің мүшелері шығып, олар облыс орталығында орналасқан бірнеше дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің бағасына талдау жүргізді. Аталған іс-шара барысында «Әмір және Д», «Лия-ФАРМ», «Эконом-Плюс», «Коныс және Б», EUROPHARM, «Садыхан» және т.б. бірқатар дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасы тексерілді. Зерделеуден өткен барлығы 12 дәріхананың меңгерушілеріне санитария талаптары жөнінде ескертулер айтылды. Сонымен қатар дәрі-дәрмектердің шекті бағаларының кез келген сатып алушыларға қолжетімді болуы жөнінде ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 27 тамыздағы «Өндірушінің дәрілік заттың саудалық атауына арналған шекті бағаларын, бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына арналған шекті бағаларды бекіту туралы» бұйрығына сәйкес дәріханаларға тексеру тобының тарапынан бұйрық талаптарын қатаң сақтау және өзге де бірқатар ұсыныстар мен ескертулер айтылды.