Иран әлем чемпионатына жолдама алды
Иран әлем чемпионатына жолдама алды
184
оқылды

Футболдан Иран құрамасы Катарда өтетін әлем чемпионатына жолдама алды.

Азия іріктеу аймағында Иран мен Ирак үшінші кезең аясында кездесіп, парсы құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойындағы жалғыз голды 48 минутта Мехди Тареми соқты. Ал ирандықтардың басты жұлдызы Сердар Азмунды «Зениттің» бапкерлік штабы жібермегенін айта кеткен жөн. А тобында 19 ұпай еншілеген Иран квалификациялық турнирде екінші орыннан төмен түспейді. Осының арқасында Драган Скошич футболшылары Катардағы футбол тойына тікелей жолдама алып отыр. Ал Ирак болса 4 ұпаймен 5 орынға жайғасты.

Тағы бір айта кететін жайт, Иранда араға үш жыл салып стадионға әйелдерді қайта кіргізуге рұқсат берілді.