Елеусінов: Спенс және Кроуфордпен айқасуға дайынмын

Елеусінов: Спенс және Кроуфордпен айқасуға дайынмын

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) әлеуметтік желідегі парақшасында кімдермен жекпе-жек өткізгісі келетінін жазды.

Елеусінов кәсіпқой рингте орта салмақта WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Эррол Спенспен (27-0, 21 КО) және WBO белбеуінің иегері Теренс Кроуфордпен айқасуға дайын екенін жеткізді.

«Басты мақсатым – орта салмақтағы осы екі чемпионмен шаршы алаңда кездесу. Менің олардан еш жерім кем емес. Қайта жеңіске жетуге мүмкіндігім жоғары», – деп жазды Елеусінов инстаграм парақшасында.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Jekpe Jek сарайында өткен кәсіпқой бокс кешінде Аргентина боксшысы Хуан Эрнан Леаоны жеңіп, "IBO" титулын иеленген болатын.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.