Ислам мен Елеусінов IBF рейтингінен шығып қалды
Ислам мен Елеусінов IBF рейтингінен шығып қалды
149
оқылды
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ санатындағы боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады. Екінші орта салмақта Айдос Ербосынұлы төртінші орнын сақтап қалды. Алғашқы екі орын  бос, үшінші орында – ресейлік Евгений Шведенко. Бұл дивизион­дағы IBF әлем чемпионы – мек­сикалық Сауль «Канело» Альварес. Орта салмақта әлем чемпионы атағы Геннадий Головкинге тиесілі. Жәнібек Әлімханұлы 9-орнында қалды, ал Мейірім Нұр­сұлтанов 12-орыннан 13-орынға төмен түсті.14-орында болған Қанат Ислам рейтингке ілінбей қалды. Үздік 15-тің ішінде бірінші орында – бразилиялық боксшы Эскива Фалькао, екінші орын бос, үшінші орында – неміс Патрик Войцицки. Жартылай орта салмақта өткен айда 13-орында болған Данияр Елеусінов те рейтингке ілінбеді. Бұл дивизионда әлем чемпионы америкалық Эррол Спенс көш басында тұр. Алғашқы екі позиция бос, ал үшінші орынға Спенстің отандасы Джарон Эннис жай­ғасқан.

А.ЖАСАНҰЛЫ