RAMS Qazaqstan компаниясы «Қазақстан халқына» 300 миллион теңге аударды
RAMS Qazaqstan компаниясы «Қазақстан халқына» 300 миллион теңге аударды
Фото: mail.kz
142
оқылды

RAMS Qazaqstan компаниясының басшысы мен қызметкерлері қаңтардағы қақтығыста қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Президенттің бастамасын қолдаған ұжым «Қазақстан халқына» 300 миллион теңге аударды.
«Біздің компания Қазақстан нарығында 25 жылдан бері еңбек етіп келеді. Қиын-қыстау шақта халықты тығырықтан шығаруға атсалысамыз. Қолдан келген көмегімізді көрсетіп, аянып қалмаймыз. Бірліктің арқасында бұл қиындықты да жеңеміз», – деді RAMS Qazaqstan-ның басшысы Рамазан Бұлбұл.
Компания жаппай тәртіпсіздік кезінде қираған полиция мен әкімдік ғимаратын қайта қалпына келтіруге де атсалысады.

Бұған дейін Алматының әкімі Бақытжан Сағынтаев әкімдіктің 1-қабатын қарапайым халықпен жүздесуге қолайлы етіп жасауды тапсырған еді.