RAMS Qazaqstan компаниясының басшысы мен қызметкерлері қаңтардағы қақтығыста қаза тапқандардың отбасына көңіл айтып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.
Президенттің бастамасын қолдаған ұжым «
Қазақстан халқына» 300 миллион теңге аударды.
«Біздің компания Қазақстан нарығында 25 жылдан бері еңбек етіп келеді. Қиын-қыстау шақта халықты тығырықтан шығаруға атсалысамыз. Қолдан келген көмегімізді көрсетіп, аянып қалмаймыз. Бірліктің арқасында бұл қиындықты да жеңеміз», – деді RAMS Qazaqstan-ның басшысы Рамазан Бұлбұл.
Компания жаппай тәртіпсіздік кезінде қираған полиция мен әкімдік ғимаратын қайта қалпына келтіруге де атсалысады.