«Оператор РОП»: Пірімқұлов пен Құмарғалиев екі айға қамауға алынды  
«Оператор РОП»: Пірімқұлов пен Құмарғалиев екі айға қамауға алынды  
Фото: news.myseldon.com
174
оқылды

Утилизациялық алым мәселесіне қатысты Үкімет қаулысымен «Оператор РОП» қызметі тоқтатылған болатын.

Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты Экология, геология және табиғи ресурстар экс-вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевті екі айға қамауға алды. Ақпаратты соттың баспасөз қызметі растады.
«2022 жылғы 27 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктілер А.А.Пірімқұлов пен М.К.Құмарғалиевке қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректерін жария етуге жол берілмейді» делінген ресми хабарламада.
26 қаңтарда Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев ұсталды.

Дәл сол күні «ӨКМ Оператор» ЖШС-ның басқарушы директоры Руслан Шәмшиев жұмыс кабинетінде көз жұмды.