Құрлықтық хоккей лигасы қысқы Олимпиада кезеңінде ойындар өткізбеу жөнінде шешім қабылдады. Бұл жөнінде Құрлықтық хоккей лигасы мәлім етті.
ҚХЛ клубтар арасында Қытай астанасы Бейжің қаласындағы қысқы Олимпиада кезінде чемпионатты жалғастыруға байланысты сауалнама жүргізген еді. Аталған турнирге қатысып жатқан 24 команданың 16-сы оған қарсылығын білдірді.
Осыған байланысты лига басшылығы Олимпиада кезеңінде чемпионатты жалғастырмау туралы шешім қабылдады. ҚХЛ ойындарының қалған бөлігі қашан жалғасатыны жөнінде нақты ұйғарым 10 ақпанда жасалады.
Еске салайық, Құрлықтық хоккей лигасында қазақстандық «Барыс» командасы 47 ойыннан кейін 48 ұпаймен 17-орында тұр.