Тоналған қару метро жақтан табылды
Тоналған қару метро жақтан табылды
147
оқылды
Еліміздің өңірлерінде қолды болған қаруды іздеу шаралары жалғасып жатыр. Соның барысында Алматыдағы метро бекетінің жанынан автомат пен оның оқ-дәрілері, граната табылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды. Қару-жарақты полицияның Дозор есімді із кесуші иті тапты. – Түске таман инспектор-кинолог «Абай» бекетіне іргелес аумақты аралап шықты. Жарылғыш заттарды іздеуге машықтанған қызметтік ит иіс алып, серіктесін шыршалары бар алаңға жетеледі. Оның бірінің астынан 5,45 калибрлі Калашников автоматының 30 дана патроны және екі бірлік жарық-шулы граната табылды, – деп әңгімеледі Метрополитендегі Полиция басқармасының бастығы Ерік Насырбеков. Оқ-дәріні Медеу аудандық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы процессуалдық тәртіпте тәркіледі. Олардың нақты тиесілігі тергеу барысында анықталады.

Ерік ЕРДЕНОВ