Жамбыл облысында боран салдарынан жолдар жабылды
Жамбыл облысында боран салдарынан жолдар жабылды
200
оқылды
Жамбыл облысында боран соғып, желдің екпіні 30 м/с дейін жетті. Өңір полициясы жүргізушілерден жолға шықпауды сұрады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Сарысу ауданында қатты боран ұйытқып тұр, ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерден жолға шықпауды сұраймыз, - делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін синоптиктер 29 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады деп хабарлаған болатын. 29 қаңтарда сағат 12: 20-дан бастап облыстық маңызы бар "Күйік-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас - Саудакент" тас жол учаскесінің 66-140 шақырымында барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс шектелді, деп нақтылады полициядағылар.