Эльмира Сыздықова Ресейдегі күрес турнирінде алтын медаль жеңіп алды
Эльмира Сыздықова Ресейдегі күрес турнирінде алтын медаль жеңіп алды
Фото: olympic.kz
225
оқылды
Әйелдер күресі бойынша Қазақстан командасынан Эльмира Сыздықова белгілі  «Иван Ярыгин» Гран-при турнирінің жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті. Эльмира Сыздықова 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, алтын медаль жеңіп алды. Ол ақтық сында Беларусь спортшысы Ксения Дзибукты 15:4 есебімен ұтты. Жартылай финалда Мария Силинаны ұтқан еді. Жарыс Ресейдің Краснояр қаласында өтіп жатыр.