Диктор департамент директоры болып тағайындалды  
Диктор департамент директоры болып тағайындалды  
Фото: mail.kz
272
оқылды

Әлішер Өмірзақ ҚР Сауда және интеграция министрі қызметін қамтамасыз ету департаментінің директоры болып тағайындалды.

Әлішер Өмірзақ 1998 жылы Жамбыл облысы Луговой ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін филология мамандығы бойынша тәмамдаған.   [caption id="attachment_181683" align="aligncenter" width="1200"] width= Фото: www.gov.kz[/caption] Ақпарат саласындағы қызметін республикалық «Астана» телеарнасында тілші болып бастады. Кейіннен кешкі жаңалықтар жүргізушісі атанды. Сондай-ақ Radio NS және Orda FM радиосында диктор болып жұмыс істеді. Баспасөз саласындағы қызметін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде бастады. ҚР ЭГТРМ баспасөз хатшысы қызметін атқарды.