«Қазатомөнеркәсіпті» тонаған қылмыстық топ ұсталды – видео
«Қазатомөнеркәсіпті» тонаған қылмыстық топ ұсталды – видео
Фото: polisia.kz
275
оқылды

Ішкі істер министрлігінің атсалысуымен Түркістан облысы Полиция департаменті Созақ ауданында «Қазатомөнеркәсіптің» кәсіпорындарынан аса ірі көлемдегі жанар-жағармай мен бағалы тауарларды ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдіктілер ұрлық кезінде ұсталған. Топ құрамында 10-нан астам адам болған.  Оның ішінде, сотталғандар мен деструктивтік діни ағым өкілдері де бар. Олар ай сайын он миллион теңгенің мүлкін ұрлаған. Тінту барысында күдіктілерден есірткі, қару, күмәнді діни әдебиеттер, қаражат, есеп-қисап жазылған блокноттар және «Қазатомөнеркәсіптен» ұрланған материалдық бағалы заттар табылды. Кінәлілер ұсталып, қамауға алынды.   https://youtu.be/XHf5AAhKGCs