«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру үшін әзірленген Жол картасының орындалуын бақылау мақсатында «Ұлт денсаулығы» мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес кеңес төрағасы Есенбек Серкебаев ұйымға жаңадан қабылданған мүшелерді таныстырып өтті. Олар: Ә.Төлебаев – Шымкент қаласының бас санитар дәрігері, А.Омар – Шымкент қалалық №3 емхананың бас дәрігері, А.Донбай – Шымкент қалалық №1 аурухананың бас дәрігері және Е. Сәлім – Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының басшысы. Сонымен қатар кеңес төрағасы Есенбек Серкебаев 2021 жылы атқарған жұмыстарының есебін беріп, кеңестің 2022 жылы атқаратын жұмыстарын баяндады. Атқарылған жұмыстар бойынша кеңес мүшелері тарапынан жылы пікірлер айтылып, алдағы жылдың жұмыс жоспары бекітілді.