Жасөспірімдер турнирінде қазылық етті
Жасөспірімдер турнирінде қазылық етті
276
оқылды
Теннистен қазақстандық төрешілер алғаш рет жас­өспірім­дер арасындағы Australian Open турнирінің финалында қазылық етті. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді. Отандық төреші Меруерт Каукеева қыздар арасындағы жұптық сынның ақтық кезеңінде қызмет көрсетті. Ал екінші қазақстандық маман Юлия Игнат­ченко жасөспірім ұлдар арасын­дағы жекелей сында үздікті анық­тауға қатысты. Айта кетерлігі, қос төреші де То­киода өткен жазғы Олимпиада ойындарында төрешілер құра­мында қызмет еткен.

ААСАНҰЛЫ