Кәріз құдығының қақпағын ұрлаған курьер ұсталды – видео
Кәріз құдығының қақпағын ұрлаған курьер ұсталды – видео
Фото: chpsochi.ru

Алматы қаласында 34 жастағы М. есімді ер адам кәріз құдығының қақпағын ұрлаймын деп ұсталды.

Полиция басқармасының мәліметінше, курьердің ұрлық жасап жатқан сәті бейнекамераға түсіп қалған.
«Ұры тұрғын үйдің ауласына курьер болып көлікпен кірген. Куәгердің жоқтығын пайдаланып, ер адам кәріз құдығының шойын қақпағын алып, оны көлікке тиеп, қашып кетеді. Күдіктінің ұрлығы бейнебақылау камерасына түсіп қалған», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
https://youtu.be/7iy_0EJrzoM Күдікті шұғыл ақша керек болған соң қақпақты сатпақ болған. Бірнеше күн бұрын курьер болып жұмысқа орналасқан.

ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес, тергеу жүргізіліп жатыр. Кәріз қақпағын бұрынғы орнына апарып қойды.