27 өндіріс орны мен 1 500 жұмыс орны ашылады
27 өндіріс орны мен 1 500 жұмыс орны ашылады
408
оқылды
Қазақстанда 2020-2021 жылдары баламасы жоқ 27 жаңа өндіріс орны құрылады. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры отандық өнеркәсіпті қолдаудың жаңа форматы – оффтейк-шарттар шеңберінде өнер­кәсіп жобаларына қолдау көрсетіп отыр. Қазақстанда 2020-2021 жыл­дары баламасы жоқ 27 жаңа өндіріс орны құрылады. «Са­мұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры отандық өнеркәсіпті қол­дау­дың жаңа форматы – оф­фтейк-шарттар шеңберінде өнер­кәсіп жоба­ларына қолдау көр­сетіп отыр. Айта кетейік, елімізге 2018 жы­лы енгізілген оффтейк-шарт­тар жаңа өндіріс шеңберінде өнімдерге ұзақмерзімді тапсы­рыс жасауға мүмкіндік береді.
– Жасалған оффтейк-шарт­тардың жалпы сомасы 2018 жыл­дан бері 9,2 млрд теңгеге жет­кен. 2018-2019 жылдар ішін­дегі инвес­тициялардың жалпы көлемі 215 млрд теңге болды. Жаңа өн­діріс орындары 2020-2021 жыл­дары 1,5 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашуға сеп­тігін тигізеді, – дейді «Самұрық-Қазына Кон­тракт» ЖШС Талдау және мар­кетинг департаментінің дирек­торы Ербол Беков.
Атап айтқанда, қазақстандық кәсіпкерлер вагон баяулат­қыш­тар, көп функциялы техникалық құралдар кешендерін, сонымен қатар мұнайды және басқа сұйық­тықтарды айдауға арнал­ған сорғы жабдықтарын өндір­мек. «Са­мұрық-Қазына Кон­тракт» ЖШС бас директорының орынбасары Теміржан Әбдірах­мановтың айтуынша, техни­калық ерекше­лік­терді айқындау кезінде міндет­ті түрде ұлттық стандарттар пай­да­ланылады екен. Сатып алу шарттары бойын­ша төлем жасау мерзімі 30-дан 20 жұмыс күніне дейін қыс­қарды. Импорт алмасуды және жергілікті қамтуды дамыту бо­йын­ша жоба­лау кеңсесі құрыл­ды, оның құра­мына «Самұрық-Қазынамен» еншілес компания­лардың, «Ата­ме­кен» ҰКП-ның, салалық қоғам­дық бірлес­тік­тердің, даму инсти­туттарының сарапшылары кіреді.   Айдар ДӘУІТҰЛЫ