UFC ұйымындағы кезекті жекпе-жегін өткізеді
UFC ұйымындағы кезекті жекпе-жегін өткізеді
212
оқылды
UFC ұйымында өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновтың (14-0) Brave CF лигасының бұрынғы чемпионы гайаналық Карлстон Харриске (17-4) қарсы кездесуі қашан өтетіні анықталды. Рахмонов UFC ұйымындағы үшінші кездесуін 6 ақпан күні Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында UFC Vegas 47 турнирінде өткізеді. Отандасымыз бірінші рет UFC турнирінің басты кардында өнер көрсетеді. Шавкаттың айқасы басты кардтың төртінші кездесуі болады. Бұл жекпе-жек шамамен Қазақстан уақыты бойынша сағат 7.30-да басталады. Еске салсақ, осыған дейін Рахмонов UFC ұйымында екі кездесу өткізді. Соңғы рет ол UFC Vegas 30 турнирінде өнер көрсетіп, екінші раундта бразилиялық Мишеь Празересті қылғындыру әдісімен жеңді. Ал бірінші кез­десуінде Алекс Оливейрадан айла­сын асырды.

Әбілмансұр ЖАСАН