Nur Otan партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен партияның Атқарушы хатшысы болып Асхат Оралов Раздықұлы тағайындалды. Бұл туралы Nur Otan партиясының ресми сайты хабарлады.
Асхат Оралов 1990 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. 2008 жылы Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №3 гимназиясын бітірген.
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін "Аударма ісі" (бакалавр), РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар университетін "Халықаралық қатынастар" (магистр) мамандығында бітірген. "Халықаралық қатынастар" мамандығының PhD докторы атағын да Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-де алған.
[caption id="attachment_182152" align="aligncenter" width="1023"] Асхат Омаров РФ СІМ ММХҚИ ректоры Анатолий Торкуновпен[/caption]
Ол 2019 жылдың желтоқсанынан бері Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Асхат Оралов әлеуметтік желілерде өте белсенді. Желідегі парақшасында атқарған қызметі туралы жиі есеп берген. 2015 жылы форумдардың бірінде Қазақстанның қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен түскен суретін де бөліскен.
[caption id="attachment_182157" align="aligncenter" width="1200"] Фото Instagram парақшасынан алынды[/caption]
Еңбек жолын 2011 жылы Л.Гумилев атындағы ЕҰУ әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінің жастар ұйымдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған.
[caption id="attachment_182159" align="aligncenter" width="1023"] Асхат Оралов. Фото Instagram парақшасынан алынды[/caption]
2013-2016 жылдары – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті протокол бөлімінің аға маманы.
2014-2016 жылдары – Nur Otan партиясы "Нұр" филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2016-2017 жылдары – "Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ басшысының міндетін атқарушы.
2017-2018 жылдары – "Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасы" ММ басшысы.
2018 жылғы қаңтар-тамыз аралығында – ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры.
2018 жылғы тамыз – 2019 жылғы сәуір аралығында ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары.
2019-2020 жылдары – Павлодар облысы әкімінің орынбасары.
2020 жылғы шілде – 2021 жылғы шілдеге дейін Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі.
2021 жылғы 12 шілдеден бүгінге дейін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Айта кетейік, бүгін, 2 ақпанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бауыржан Байбекке партия үшін атқарған көп жылғы жұмысы үшін алғыс айтқан еді.