Ерболат Досаев Алматыдағы 19 нысанның құрылысын тоқтатты
Ерболат Досаев Алматыдағы 19 нысанның құрылысын тоқтатты
Фото Турар Казангапов
197
оқылды
Алматы әкімдігі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 29 қазандағы тапсырмасы бойынша қаладағы жер телімдерінде құрылыс жүргізуге тыйым бар екенін хабарлады.
Осыған байланысты қала әкімі Ерболат Досаев барлық мән-жай анықталғанға дейін белгілі нысандарда — 19 учаске, оның ішінде Самал-3 шағын ауданы мен Достық, 125 учаскелері орналасқан аумақта жүріп жатқан жұмыстарды тоқтату туралы шешім қабылдады, – делінген хабарламада.
2020 жылы күзде Алматы тұрғындары «Самал-3» шағынауданындағы жалғыз саябақ аймағындағы тұрғын үй кешені құрылысына шағымданған еді. Кейін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындардың келісімінсіз құрылысқа рұқсат бермеуді тапсырды. Бұған дейін Ерболат Досаев Алматы қаласы әкімі болып тағайындалғанын жазған болатынбыз.