Ақтаулықтарға «автобуспен жүр» деген Олжас Байділдинов қызметінен кетті
Ақтаулықтарға «автобуспен жүр» деген Олжас Байділдинов қызметінен кетті
217
оқылды

Энергетика министрлігіне қарасты «Адалдық алаңының» басшысы Олжас Байділдинов қызметтен кетті.  Бұл туралы «Чиновник» Telegram арнасы хабарлады.

Олжас Байділдинов қаңтарда газ бағасына қатысты ақтаулықтар наразылық білдергенде «тұрғындар бағамен келіспесе, олар қоғамдық көлікпен жүрсін» деген еді.   https://youtu.be/9bYVZoht_KA
– Тауардың құнын нарық қалыптастырады. Табыс көлемі мен жалақы бұған әсер етпейді. Егер  тұрғындар бағамен келіспесе, олар қоғамдық көлікті пайдалану арқылы мәселесін шеше алады, – деді министрдің кеңесшісі.
Телеграм каналдың мәліметінше, 37 жастағы мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдиновтің иелігінде елорда түбіндегі Қосшы елдімекенінде 288 шаршы метрлі екі қабатты үйі бар. 2020 жылы тұрғызылған үйдің құны – 85 млн теңге. Ел астанасы Нұр-Сұлтанда үш пәтері бар. Бірі – Highwill Astana тұрғын үй кешенінде орналасқан. Бизнес-кластағы 3 бөлмелі пәтерінің аумағы 100 шаршы метр. Құны – 60 миллион теңге. Ал «Алтын-Арна» тұрғын үй кешеніндегі 2 бөлмелі пәтері 40 млн теңгеге бағаланды. Оның аумағы – 75 шаршы метр. «Француз кварталы» тұрғын үй кешенінде 1 бөлмелі пәтердің өзі 27 млн ​​теңге тұрады. Сонымен қатар Олжас Байділдиновтің иелігінде коммерциялық мақсатта пайдаланатын аумағы жүз шаршы метрлік  ғимараты бар. Оның өзі 20 млн теңгеге бағаланған. 2021 жылғы екі көлігі 33 миллион теңге тұрады екен.

Естеріңізге сала кетейік, Жаңаөзен тұрғындары 2 қаңтар күні сұйытылған газ бағасының өсуіне наразылық білдіріп, көшеге шықты. Кейін Ақтау қаласының тұрғындары да бағаның шарықтауына қарсылық білдіріп, алаңға жиналды.