Болат Жорабаев қолбасшы болып тағайындалды
Болат Жорабаев қолбасшы болып тағайындалды
Фото: kaz.tengrinews.kz
869
оқылды

Мемлекет басшысының өкімімен Болат Жарқымбайұлы Жорабаев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 19 қаңтарда «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы операция күштерінің қолбасшылығын құру туралы» Жарлыққа қол қойды. Елімізде арнайы операция күштерінің қолбасшысы лауазымы пайда болды. Мемлекет басшысы осы Жарлыққа қол қойған күні Қорғаныс министрі ауысты.

Бұған дейін Мемлекет басшысының 11 қаңтарда Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында және 27 қаңтарда Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында берген тапсырмаларын орындау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомствоның қызметін қайта форматтау жөніндегі жұмысты бастағанын хабарлаған болатынбыз.