Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатын қайдан тамашалауға болады?

Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатын қайдан тамашалауға болады?

Бүгін Бейжіңде XXIV қысқы Олимпиаданың ашылу салтанаты «Құстың ұясы» ұлттық стадионында өтеді.

Тікелей трансляцияны «Хабар», Qazsport және Qazaqstan-нан тамашалауға болады. Ашылу салтанаты астана уақытымен 17:55-те басталады. Қазақстанның Туын Абзал Әжғалиев пен Екатерина Айдова алып шығады.
Бейжің Олимпиадасында 34 спортшы бақ сынайды. Ең жасы – 16 да, үлкені – 35 жаста. Спорттың 8 түрінен 87 лицензия ұтып алған.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға барғаны туралы хабарлаған болатынбыз.