«Жағдайы нашар отбасының балалары барады...» – шенеунік Бейжің Олимпиадасына қатысты пікір білдірді
«Жағдайы нашар отбасының балалары барады...» – шенеунік Бейжің Олимпиадасына қатысты пікір білдірді
Фото: olympic.kz
166
оқылды

Таяуда Бейжің Олимпиадасы басталады. Қазақстан жарысқа жетінші рет қатысып отыр. Былтыр Токиода өткен жазғы Олимпиада сәтсіз болды. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.

Қазақстан қысқы Олимпиадада айтарлықтай жетістікке жете алмай келе жатыр. 1996 жылдан 2018 жылға дейін бар болғаны 8 медаль иеленген. Норвегияда атлеттер 1 алтын, 2 күміс алып, жалпы командалық есепте 12- орында қалды. Жапонияда 2 қоламен 20-орыннан көрінді. Одан кейінгі АҚШ пен Италиядағы ойындарда бірде-бір жүлде бұйырмады. Ал соңғы үш бәсекеде 1 күміс пен 2 қола еншіледі. Министрлік «спортшылар медаль ала ма?» деген сұраққа нақты жауап бере алмады. Себебі, қысқы спорт дамымаған, бұл салада жастар аз.
Мәдениет және спорт министрлігі комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова: «Қысқы спорт түрлеріне енді көпбалалы отбасылардан, одан кейін жағдайы нашар отбасылардан барады. Балам өмірін спортқа арнасын деген ата-аналардың саны азайып барады. Шорт-трек, фристайл акробатика, могул сияқты спорт түрлеріне үміт артып отырмыз», – дейді.
Биылғы Бейжің Олимпиадасының жеңімпаздарына 1-орынға – 250 мың АҚШ доллары, 2-орынға – 150 мың АҚШ доллары, 3-орынға 75 мың АҚШ доллары беріледі.

Бейжің Олимпиадасында 34 спортшы бақ сынайды. Ең жасы – 16 да, үлкені – 35 жаста. Спорттың 8 түрінен 87 лицензия ұтып алған.

https://youtu.be/n2qw-oTkj9M