Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов 2 айға қамауға алынды
Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов 2 айға қамауға алынды
© inbusiness.kz
158
оқылды
Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облыстық департаменті Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовтың ұсталғанын растады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ол сұйытылған мұнай-газын жеткізу саласына жауапты болған. Қазіргі таңда қызметтік уәкілетін асыра пайдаланды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
«Ғалымжан Ниязовқа қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жүріп жатыр. Қосымша ақпарат тергеу мүддесіне байланысты таратылмайды», – деді Қаржы мониторингі агенттігінің Маңғыстау облыстық департаментінен.