Жамбыл облысының Полиция департаменті Шу қаласында болған қызды алып қашу оқиғасына қатысты түсініктеме берді. Қыз алып қашу оқиғасы түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, облыстық Полиция департаментінің назарына іліккен.
«Оқиғаның мән-жайын анықтап, түсініктеме беру үшін жігіт пен қыз аудандық ішкі істер бөліміне шақырылды. Олар бірге жұмыс істеп, жарты жылдай кездесіп жүргендерін түсіндірді. Қыз видеоны Шуға тек жігіттің ата-анасымен танысу мақсатында бара жатқандықтан түсіргенін айтты. Ал жігіті оны бірталай рет алып қашпақ болған. Қыз некеге тұруға дайын болмаған» , – делінген полицияның түсініктемесінде.Сондай-ақ ведомствоның мәліметінше, бойжеткен жас жігіттің үстінен арыз жазудан бас тартқан. Полицейлердің түсіндіруінше, жастар қыздың үйіне барып, әке-шешесімен кездесіп, қазақтың әдет-ғұрпы бойынша ата-анасының батасын алған.