Жамбыл облысында бір топ жігіттің қызды алып қашу сәті видеоға түсіп қалған
Жамбыл облысында бір топ жігіттің қызды алып қашу сәті видеоға түсіп қалған
© exk.kz
742
оқылды

Қыз алып қашу оқиғасы түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатыр. Пікір білдірушілердің көбі бұл оқиғаны "Адам құқығын аяқ асты ету" деп отыр.

Бейнежазбада жанұшыра айқайлаған қыздың арғы тағдыры қалай болғаны әзірге белгісіз, - деп хабарлайды Экспресс К.
Желі қолданушыларының айтуынша, қыз алып қашу "операциясы" Жамбыл облысындағы Шу қаласында болған. Видео шаһардағы темір жол вокзалында түсірілгенге ұқсайды. Онда бір топ жігіт бойжеткенді көлікке күштеп мінгізіп жатыр. Айқайға басқан қыз айналадағы адамдардан көмек сұрағанымен, оны көліктен түсіріп алуға ешкім ниет білдірмегені байқалады. Бойжеткен тұрмыс құруға дайын еместігін, әлі кішкентай екенін жанұшыра айтқанымен, оның сөзіне құлақ асып жатқан адам көрінбейді.
Бейнежазба әлеуметтік желі қолданушыларының ашуына тиген. Көпшілік бұған "жабайылық", "қылмыс", "әйелді қорлау" деп баға беріпті. Алайда "Барған жерінде бағы ашылсын" деген тілекті айтқандар да табылыпты. Ата салтқа қарсы шыққандардың дені әйелдер, қолдағандар жағы ер азаматтар екен.