Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты тың дерек шықты

Қытайда өмір бойына сотталған Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты тың дерек шықты

Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақ қызы  Ақжарқын Тұрлыбайдың жазасы биыл қайта қаралуы мүмкін. Бұл туралы қыздың қорғаушысы Сұңқар Нұрмағамбетов Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
Сұңқар Нұрмағамбетовтің айтуынша, Ақжарқынның үйге қашан оралатыны көпшілікі мазалайды.
"Жаза осы жылы қайта қаралуы мүмкін. Күш-жігерімізді салып жатырмыз", - деп жазды қорғаушы.
Бұған дейін қорғаушысы Ақжарқын Тұрлыбайдың хатын жариялағанын жазған болатынбыз.