Депутаттар ауылға да барады
Депутаттар ауылға да барады
167
оқылды
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен палата бюросы өтті. Отырысты ашқан Мәжіліс Төрағасы депутаттардың сайлау­шылармен кездесуі үшін өңір­лер­­ге сапарға шығуы туралы айтты. Алда тұрған жұмыстың маңы­зына тоқталған Ерлан Қошанов өңірлерге сапарлар жаңартылған фор­матта ұйымдастырылуы тиіс еке­нін алға тартып, депутаттар өз­дері жақсы білетін, ең бастысы өз­дерін қабылдайтын және мақ­сат­ты аудиториясы бар аймақтар­ға баруы керегін және халықпен кез­десулерді тек облыс орталық­тары мен ірі қалаларда емес, ауыл­­дық жерлерде де өткізілуі қа­­жет екенін атап өтті. Сондай-ақ Мәжіліс Төрағасы де­путаттардың басты назарында Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа бастама­лары, оның ішінде жуық арада ғана өткен қайғылы оқиғалар сал­дарынан елдегі әлеуметтік-эко­номикалық жағдайды тұрақ­тан­дыру туралы болатынын айтты. Одан әрі Мәжілістің бюро отырысы барысында депутаттар тал­қылауына құқық қорғау қыз­метін өткеру тәртібін жетілдіру мә­селелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын I оқылымда қарау ұсы­нылды. Жұмыс барысында депутаттар бір­қатар түзету енгізді. Атап айт­қан­да, құқық қорғау қызмет­кер­лерінің еңбегіне ақы төлеу, олар­дың әлеуметтік және құқықтық қорғалуын арттыру, сондай-ақ зей­нетақымен қамтамасыз етуге, құ­қық қорғау органдары қызмет­кер­лерінің тұрғын үй қатынас­та­рын реттеу ерекшеліктеріне қа­тыс­ты мәселелер қарастырыл­ған. Сонымен қатар бюро отырысында Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов палата аппаратының жаңа басшысы Ренат Айтаевты таныстырды. Ол бұған дейін Қа­зақ­стан Республикасы Әкім­шілік Бас­шысы хатшылығының мең­геру­шісі қызметін атқарған.