Кардиоорталық ақшасын кім жымқырған?
Кардиоорталық ақшасын кім жымқырған?
157
оқылды
Павлодар облыстық кардиология орталығында бюджет қаражаты ұрланғаны анықталды. Ақша қымбат медициналық қондырғыларды іске қосу үшін жұмсалуға тиіс болған. Ал орталық директоры жұмысынан босатылды. «Павлодар облыстық кардиология орталығында құрал-жаб­дық­тарды іске қосуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша соталды тергеу басталды», – деп хабарлады Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті. Ведомство мәліметінше, 2022 жылы 24 қаңтардан бастап Қылмыстық кодекстің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе иемдену» бойынша тергеу жүріп жатыр. Соталды тергеп-тексеруді тіркеу­ге «Павлодар облысы әкімі аппаратының» ішкі аудит қыз­метіне жүргізілген тексеру себеп болған. Тергеу әлі жалғасып жатыр, басқа мәлімет тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», – деді департамент өкілдері.