Павлодар облыстық кардиология орталығында бюджет қаражаты ұрланғаны анықталды. Ақша қымбат медициналық қондырғыларды іске қосу үшін жұмсалуға тиіс болған. Ал орталық директоры жұмысынан босатылды.
«Павлодар облыстық кардиология орталығында құрал-жабдықтарды іске қосуға бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша соталды тергеу басталды», – деп хабарлады Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті.
Ведомство мәліметінше, 2022 жылы 24 қаңтардан бастап Қылмыстық кодекстің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе иемдену» бойынша тергеу жүріп жатыр. Соталды тергеп-тексеруді тіркеуге «Павлодар облысы әкімі аппаратының» ішкі аудит қызметіне жүргізілген тексеру себеп болған. Тергеу әлі жалғасып жатыр, басқа мәлімет тергеу мүддесі үшін жария етілмейді», – деді департамент өкілдері.