Шаңғымен тұғырдан секіру: Ткаченко мен Васильев іріктеу кезеңінен өтті
Шаңғымен тұғырдан секіру: Ткаченко мен Васильев іріктеу кезеңінен өтті
Сурет: Olympic.kz
325
оқылды

Қысқы Олимпиада ойындарында шаңғымен тұғырдан секіру спорты бойынша іріктеу сындары басталды. Аталған санат бойынша Қазақстан құрамасынан екі спортшы жарыс жолына шықты, - деп хабарлайды Olympic.kz.

Ерлер арасында орташа трамплинде өткен додаға Сергей Ткаченко мен Данил Васильев қатысты. Қос қазақстандық атлет те келесі айналымға жолдама алды. Сергей Ткаченконың бүгінгі жаттығуы 43.1 ұпаймен бағаланса, Данил Васильев 46.2 ұпайына ие болды. Келесі іріктеу кезең ертең, 5 ақпан күні елорда уақытымен сағат 17:00-де басталады. Айта кетерлігі, бүгінгі сайысқа 53 спортшы қатысты. Ережеге сәйкес, 50 спортшы келесі кезеңге өтеді.