«Қаралы қаңтар» оқиғасы кезінде құқық қорғау органдары, Төтенше жағдайлар министрлігі және денсаулық сақтау саласы қызметкерлерін ұрып жатқан видео тарады.
Кадрлардан аталған сала қызметкерлерін қан-жоса етіп соққыға жығып, «Форманы шеш!» деп айтып жатқанын байқауға болады. Мұндай көрініс бірнеше жерде қайталанған. https://youtu.be/jNGmYDRmRVg https://youtu.be/uPS_PLog2zI https://youtu.be/ifGRzTDFYOI Айта кетейік, "Қаңтар оқиғасы" кезінде құқық қорғау органдарының 3 мыңнан астам қызметкері жарақаттанды. Бұл туралы ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов inform.kz сайтына мәлімдеді. Департамент бастығының дерегінше, тәртіпсіздік кезінде құқық қорғау және арнайы органдардың, сондай-ақ әскери қызметшілердің ішінде 19 адам қаза тапты.