Шаңғы жарысынан скиатлон бойынша қазақстандықтардың нәтижесі белгілі болды
Шаңғы жарысынан скиатлон бойынша қазақстандықтардың нәтижесі белгілі болды
206
оқылды

Шаңғы жарысынан әйелдер арасында скиатлон бойынша дода аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Жарыс нәтижесі бойынша Ксения Шалыгина 50.37.7 көрсеткішімен 48-ші орыннан көрінді. Ангелина Шурыга 49-шы (50.55.3), Валерия Тюленова 51-ші (51.30.8), ал Надежда Степашкина 58-ші (53.35.3) орынға тұрақтады. Айта кетерлігі, аталған санат бойынша жарыс жолына барлығы 65 спортшы шықты. Скиатлон бойынша норвегиялық Тереза Йохауг Олимпиада алтынына ие болды. Ресейлік Наталья Непряева күміспен күптелсе, австриялық Тереза Штадболдер үздік үштікті қорытындылады.