Шавкат Рахмонов қарсыласын бірінші раундта нокаутпен жеңді (видео)
Шавкат Рахмонов қарсыласын бірінші раундта нокаутпен жеңді (видео)
147
оқылды

Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) аралас жекпе-жек бойынша өткен UFC Fight Night 200 турнирінде қазақстандық Шавкат Рахмонов (15-0) промоушенде үшінші жеңісіне жетті.

Ивенттің басты кардында 27 жастағы "Номад" 34 жастағы гайаналық Карлстон Харриспен (17-5) жұдырықтасты. Бұл айқас бірінші раундта техникалық нокаутпен бітті. Ал жалпы ММА-де бұл Шавкаттың 15 кездесудегі он бесінші жеңісі. Рахмонов қарсыластарының бәрін мерзімінен бұрын жеңіп, ешбір айқасын төрешілер шешіміне дейін жеткізбеді.