Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қайрат Чакпантаев брифингте мәлімдеді.
Оның айтуынша, қаңтар айының алғашқы онкүндігіндегі өңірдегі толқулар кезінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 488-бабына сәйкес (рұқсат етілмеген митингке қатысу) 500-ден астам іс қаралыпты.«Соған байланысты 352 адам 15 күнге әкімшілік қамауға алынып, 77 адамға айыппұл салынды. Қылмыстық істерге келетін болсақ, олар сотқа жеткен жоқ. Әлі де сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл істер сәуір айында сотқа жетеді деп күтілуде. Жалпы өңірде азаматтарға қатысты ҚР ҚК-нің 272-бабы (Жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру) және 269-бабы (Ғимараттарға, құрылыстарға және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу) бойынша 70 іс қозғалған», - деді ол.