София Николайчук семсерлесуден әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
София Николайчук семсерлесуден әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
228
оқылды

Қазақстандық София Николайчук семсерлесуден Киевте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем кубогі кезеңінде үшінші орын алды, - деп хабарлайды Olympic.kz

Отандық спортшы турнирдің жартылай финалына жетіп, осы кезеңде ресейлік Яна Бекмурзоваға есе жіберді. Осылайша, София турнирдің қоласын иеленді. Ал алтын мен күмісті ресейліктер Бекмурзова мен Анастасия Назарова еншіледі