Щучинск қаласында 6 "газель" автокөлігі өртенді
Щучинск қаласында 6 "газель" автокөлігі өртенді
152
оқылды

Щучинскте модульді гаражда өрт шығып, алты бірдей газель маркалы автокөліктер жанып кетті, - деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.

Жайсыз оқиға бүгін таңертеңгі 08:08 шамасында болған. Контейнер түріндегі модульді блок гараж ғимаратында тұтанған өрт 4 металл контейнерді түгелдей қызыл жалынға орап, жалпы аумағы 290 шаршы метрді шарпыған. Өрт таңғы 08.47-де ауыздықталып, шамамен 09.22-де толықтай сөндірілген. «Тілсіз жаудың салдарынан «газель» маркалы 6 көлік түгелімен өртеніп кетті. Абырой болғанда зардап шеккендер мен құрбан болғандар болған жоқ. Қазір өрттің себептері анықталып жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамның 20 сарбазы мен 4 өрт сөндіргіш техника жұмылдырылды», - дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен. Құтқарушылар облыс тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды ескертті.