«ҚТЖ» отандық өнімге иек артады
«ҚТЖ» отандық өнімге иек артады
333
оқылды
29 қаңтар күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС базасында Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіруді локализациялау және импорт алмастыру мәселелері бойынша кеңейтілген кеңес өтті. Шараға Ин­дустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев, «Самұрық -Қазына» АҚ, «Атамекен» Ұлттық кәсіп­керлер палатасының өкілдері, теміржол өнімдерін өндіру жөніндегі кәсіпорын басшылары қатысты. Теміржол машинасын жа­сауды ары қарай дамыту, өндірісті локализациялау ел экономикасы өсімінің басым бағытына айнал­ды. «Біздің ортақ мақсатымыз – өндірістің жоғары локализация­сын қамтамасыз ету және халық­аралық сауданы біртіндеп қолға алу. Қазіргі кезде теміржол сала­сына қажетті көптеген өнім Ресей мен Украинадан тасы­малданады. Сыртқы өндіріске қажеттілікті біртіндеп азайтатын боламыз», – деп мәлімдеді Б.Қамалиев. Платформалар өндірісіне қаржы тарту, кәсіпорындарды ірі тапсырыстармен қамтамасыз ету, «Тұлпар» вагон шығару зауыты бойынша зауытқа қолдау көрсету жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кеңес барысында атап өтіл­гендей, өндірушілерге қойы­латын басты талап – шығарылатын өнімдердің жоғары сапалылығын қамтамасыз ету. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төраға­сының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетовтің айтуынша, қо­салқы бөлшектерді өндіруші­лермен кооперацияны күшейту арқылы барынша локализацияға қол жеткізу маңызды. Кеңейтілген кеңес қарса­ңын­да, биылғы жылдың 28 қаң­тарында «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшы­ла­ры мен мамандары және 30-дан ас­там отандық машина жасау кәсіп­орындары өкілдерімен кез­десу өткен еді. Аталған басқосу бары­­сында теміржол көлігінің техни­калық құралдарын, атап айтқанда вагондар мен локомотив бөлшек­терін, теміржол телемеха­ни­ка мен автоматика жүйелерін, электрмен жабдықтау құрылғы­лары мен барлық жаңа қосалқы бөлшек­те­рін шығаруды ұйымдас­тыру жөніндегі ұсыныстар талқы­ланды. Сондай-ақ кеңей тілген кеңестің қорытын­дысы бойынша теміржол өнім­дерін өндіру кезінде Қа­зақстан аумағындағы жергілікті үлесті арттыру туралы төрт ке­лісімге қол қойылды. Атап айтсақ, Asia Trafo ЖШС стансасының құрал-жаб­дықтары мен жоғары­вольтты құрал-жабдықтарын шығару, «Проммашкомплект», «Локомо­тив құрастыру зауыты», «Электро­воз құрастыру зауыты» ЖШС локомотивтер үшін тұтас құйы­лып, шыңдалған дөңгелек­терді өндіруді игеру бойынша, Kazcentrеlectroprovod ЖШС-мен темір­жол автоматикасы мен телеме­ханикасы жүйесі, локомо­тив­тердің қосалқы бөлшектерін шығару бойынша 12 келісім жа­сал­ды.    width=Мадияр ТӨЛЕУ