Бекболат Тілеухан мен журналистің арасындағы дау: Сот үкімі шықты
Бекболат Тілеухан мен журналистің арасындағы дау: Сот үкімі шықты
Фото: Болат Шайхинов
577
оқылды
Елордада экс-депутат Бекболат Тілеухан мен журналист Vesti.kg тілшісі Айнұр Коскинаның арасындағы дауға қатысты сот процесі аяқталды. Сот шешімі шықты.  Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқықбұзушылық соты 4 ақпанда  Бекболат Тілеуханды кінәсіз деп таныды.
«Осы іс құрамында әкімшілік қүқықбұзушылықтың болмауына байлвнысты тоқтатылсын. Жақтастарының айтуынша, Тілеуханның жаман ойы болмаған. Бұл видеода көрсетілген, сондай-ақ куәгерлер де оны растап отыр. Тілеухан журналистке қол көтермеген», – деді үкімді оқыған судья.  
Тараптар 10 күн ішінде соттың үкіміне шағым түсіре алады. Бұған дейін Бекболат Тілеухан өзіне қол көтерді деп айыптаған журналистке жауап бергенін жазған болатынбыз.