Бұл туралы спорт журналисі Аслан Қаженов мәлімдеді.
Сәкен Бибосынов өте ауыр жарақат алып, ауруханаға түсіп қалды
225
оқылды

Бокстан екі дүркін әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов жаттығу кезінде омыртқасын жарақаттап, ауруханаға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Журналистің 10 қазанда жариялаған мәліметіне сәйкес, боксшы 9 қазанда жаттығу барысында ауыр жарақат алған. Осыған байланысты ол 29 қазанда Тараз қаласында басталатын бокстан Қазақстан чемпионатына қатыса алмайды.

– Өкінішке қарай, кеше жаттығу барысында ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Омыртқасына зақым келді. Тезірек сауығып кетуін тілейміз, – деп жазды Аслан Қаженов әлеуметтік желідегі парағында.

Әзірге спортшының омыртқасы қалай жарақаттанғаны, денсаулық жағдайы мен емделу мерзімі туралы толық ақпарат жарияланған жоқ. Қазақстан бокс федерациясы тарапынан да жарақаттың нақты сипатына қатысты ресми мәлімет табылмады.